Аңдатпа. Бұл мақалада халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы мен қылмыстылықпен күрестегі рөлі қарастырылады. Автор құқықтық сауаттылықтың азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, заңдарды дұрыс түсінуіне және күнделікті өмірде қолдануына ықпал ететінін атап өтеді. Сонымен қатар қылмыскер тұлғасын зерттеу, оның әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктерін талдау арқылы қылмыстың алдын алу мүмкіндіктері талқыланады. Қоғамда құқықтық нигилизмнің орын алуы қылмыстылықтың өсуіне әсер ететіні айтылып, оның алдын алу үшін бұқаралық түсіндіру жұмыстары мен тегін құқықтық көмек көрсету шаралары ұсынылады.
Кілт сөздер: құқықтық сауаттылық, қылмыстылық, қылмыскер тұлғасы, құқықтық нигилизм, алдын алу.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру дегеніміз - бұл азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуін, заңдарды түсінуін және құқықтық нормаларды күнделікті өмірде дұрыс қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды процесс.
Құқықтық сауаттылық - бұл адамның қолданыстағы заңдарды білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібін білуі, құқықтық жағдайларда дұрыс шешім қабылдай алуы.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бүкіл қоғам болып ат салысатын болсақ, онда қылмыстылықпен күреске, оны болдырмау жолдарын қарастыруға көңіл аударуға болатынын айтуға болады.
Қылмысты жасайтын көп жағдайда ер адамдар екені белгілі. Осы жерде қылмыстылықпен күресу мемлекет деңгейінде өткізіліп жатырсада, қылмыс азаймай отыр. Бұның себебі неде? Бұл жағдаймен қалай күресуге болады деген сауалдар еріксіз ойға келеді. Менің ойымша қылмыстылықпен күресуді бастамастан бұрын сол қылмысты жасайтын тұлғаны зерттеген дұрыс, содан кейін барып күресу жолдарына кіріскен жөн.
Қылмыскер тұлғасы - ол оның әлеуметтік келбеті, әлеуметтік даму мен қоғамдағы қалыптасу кезеңінде кім болып шыққанын айқындайды. Криминология ғылымында қылмыскерді, оның тұлғасын зерттеу қылмыстық мінез құлықтың, белгілі бір бағыттағы криминогендік ұстанымның қалыптасуының заңдылығын анықтау үшін қажет. Қылмыскер тұлғасын криминология ғылымында қалыптасқан қылмыскер тұлғасы туралы ілімнің негізінде қарастыруға болады.
Мысалы Е.Қайыржановтың пікірі бойынша қылмыскер тұлғасын үш деңгейде зерттеуді ұсынады:
· қылмыскер тұлғасы жөнінде жалпы ұғым тұрғысынан;
· қылмыскердің түрлері мен әр түрлі санатына тән болып табылатын белгілерді анықтау тұрғысынан;
· жеке деңгейде (яғни ұрлық, адам өлтіру, зорлау сияқты: қылмыс түрлерін жасаған адамдарды жеке - жеке зерттеу тұрғысынан.
Е.Қайыржановтың қылмыскер тұлғасын үш деңгейде зерттеу жөніндегі ұсынысы дұрыс [1]. Өйткені, кез келген тұлғаны ең әуелі жалпы түрде, ал одан кейін өз алдына жекелеген түрлер мен санаттарға бөле отырып нақты зерттемей, оны жеке деңгейде қарастыру мүмкін емес. Бірақ, осы орайда біздің көз-қарасымыз, кез келген танымды жан жақты анықтау үшін оның өзіндік ерекшеліктерін назардан қалдырмау керек, яғни қылмыскер тұлғасын зерттеудің төртінші деңгейі болуы қажет деп ойлаймыз. Бұл деңгейде қылмыс жасаған әрбір адамның жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктеріне (жас шамасы, психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, сондай ақ демографиялық ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып зерттеу қажет.
Қылмыскер тұлғасының проблемасын криминологиямен қатар, әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін және табиғаттану ғылымдары (медицина, биология, генетика және т.б.) да қамтиды [2]. Криминологияда жеке тұлғаның нышандарын үш салаға бөлу қалыптасқан:
- жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, бұл жағдай адамның белгілі әлеуметтік топқа (немесе тапқа) жататындығымен және әлеуметтік-демографиялық мінездемесімен (жынысы, жасы, білімі, отбасылық жағдай және т.б.) белгіленеді;
- жеке тұлғаның әлеуметтік функциялары немесе рөлі, бұл жағдайға оның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі азамат, еңбек ұжымының мүшесі, отбасы иесі және т.б. іс- әрекеттерінің жиынтығы енетіндігі есептеледі;
- жеке тұлғаның адамгершілік-психологиялық мінездемесі, бұл жағдай оның әлеуметтік функцияларға (мысалы, кездейсоқ қылмыскерлер және т.б.) қатынасын айғақтайды.
Сондай-ақ, қылмыскер тұлғасының нышандары қайсы-бір жағдайларда жазаның жекешеленуіне, жазадан босатылуына әсер етерліктей қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болуы мүмкін [3]. Мысалы, кінәлінің тұлғасы жаза түрі мен көлемін белгілерде, жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар санатында, шартты түрде соттау жөніндегі мәселені шешер кезде ескеріледі. Бірақ, тұлға нышандарының (қылмыс субъектісінің белгілеріне қарағанда) қылмыстық-құқықтық мағынасы болуы да, болмауы да ғажап емес. Айталық, көптеген қылмыстар үшін кінәлінің жынысы, оның кәмелетке толған-толмағандығы, білімі және кәсібі сияқты белгілердің қажеті шамалы. Әдетте, бұл белгілердің барлығы қылмыстық жауаптылық пен жазаға әсер етпейді. Ал, қылмыстарға криминологиялық тұрғыдан баға бергенде бұл белгілер әлгі қылмыстарды жасаған адамдар үшін айтарлықтай мағынаға ие болып шығады. Мәселен, осындай белгілерді есепке алғанда ғана тиісті қылмыстардың алдын алу шаралары белгіленуі мүмкін.
Адамның қоғамға қарсы бағыт бағдарда болуы және себептерінің қалыптасуы және де олардың қылмыстық әрекет түрінде бой көрсетілуі бір мезгілде жүзеге аспайды. Көп жағдайда теріс ықпалдың нәтижесі ұзақ уақыт өткеннен кейін ғана байқалады. Бұл жағдайда қылмыс жасаған адамның ішкі дүниесі күнделікті тіршілік әрекеті барысында ескілерді жоғалта отырып, жаңа белгілерге ие болу нәтижесінде өзгереді. Сонымен қатар, мінез құлықтың сол бір белгілерінің өзі жағдайға байланысты әр түрлі көрініске ие болады.
Өзінің тіршілік әрекетінде қылмыс жасаған адамды, оның тұлғасының қалыптасу процесін, оның іс әрекетіндегі қоғамға қарсы бағыт бағдардың пісіп жетілуіне жағдай жасайтын әлеуметтік ортаның ішкі және сыртқы жағдайларын, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеу - жеке қылмыстық әрекеттің себебін анағұрлым толық анықтауға апаратын жолдардың бірі ғана емес, жалпы қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізудің және де нәтижелі түрде қылмыстылықтың алдын алудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады.
Мінез-құлықтың мазмұнын айқындайтын әлеуметтік қасиеттердің арасында бағыт пен құндылық бағдарымен қатар «ұстаным» термині кеңінен пайдаланылады. Ұстанымның құбылысын Д. Узнадзе неғұрлым толық талдап шешті, ол мұны қалыптасқан жағдайда
адамның белгілі бір жолмен әрекет етуіне әзірлігі ретінде анықтай отырып, ойланбай әрекет ету саласына жатқызды [4].
Қылмыскердің жеке басы мен қылмыстық мінез-құлқын сипаттау үшін заң әдебиетінде
«қоғамға қарсы ұстаным» және «қылмыстық мінез-құлыққа бағытталған көкейкесті ұстаным» деген терминдер қолданылады. Бұл екі терминдерді шатастыруға болмайды.
В.Кудрявцев былай деп есептейді: қоғамға қарсы ұстаным белгілі бір өмірлік жағдайлардағы әрекеттің жалпы «бағдарламасы» болып табылады [5]. Оған жеке-дара өмір сүру бағдары, құқық тәртібі мен имандылық нормаларын елемеу, өзінің мақсаттарына жету үшін құралдарды таңдауға талғаусыздық, қоғамдық мұқтаждар мен мүдделерге келеңсіз көзқарас жатады.
Қылмыстық мінез-құлыққа бағытталған көкейкесті ұстаным адамда қоғамға қарсы қажеттіліктері болып, оларды қоғамға қарсы әдіспен қанағаттандыратын тиісті қажеттілік жағдайы болған кезде пайда болады. Оның қоғамға жат сипаты бар белсенділікке әзірлігі туындайды. Көкейкесті ұстаным сол жағдайдағы белгілі бір тұтастық ретіндегі жеке адамның жай-күйін сипаттайды. Мысалы, Т.Шавгулидзе былай деп жазады: «Қылмыс ырықсыз да жасалуы мүмкін. Адам әр уақытта да қылмыстық мінез-құлықты ой елегінен өткізбейді, көп ретте ол көкейкесті қажеттілік негізінде пайда болатын ұстаным ықпалымен әрекет етеді» [6].
А.Сахаров мынадай қағиданы ұсынады: «Адамның жеке-даралық ұстанымы дегеніміз - қылмыстың себебі». Алайда мына негіздерге орай бұл пікірге бәрі бірдей ортақтаса бермейді, атап айтқанда: «Бұл пікір адам қасиеттерінің тумысынан болуын түсіндіруге көрінеу бой ұрады» және ұстаным санадан тыс болады, ал қылмыста санадан тыс немесе санасыздық мінез-құлық орын алмайды [7].
Қылмыскердің әрекетін ұйымдастыруға және бағытына ұстанымның қатыстылығы туралы мәселені қарастыра келіп, біз белгілі бір жағдайларда қылмыс жасауға әкеп соғатын ұстанымның болуы өзінің ниетін қанағаттандыру үшін әрекеттің қылмыстық емес әдісін таңдап алу немесе соңғысын басып тастау мүмкіндіктерінен айырмайды деп ойлаймыз. Өйткені:
Ұстаным қылмыскер тарапынан өзінің мінез-құлқын саналы түрде бақылауын жоққа шығармайды;
Қылмыскер ұстанымының мазмұны санаткерлік сипаттағы түсініктермен емес, қайта қанағаттанбаушылықтың сезімдік қиналыстарымен байланысты болады, олар дегенмен де белгілі бір бағытта - қанағаттануға қол жеткізуге әрекет ету әзірлігін алдын ала анықтайды, бірақ ешқашан да оларды қанағаттандырудың тек қылмыстық әдісін ғана талап етпейді.
Бұл қылмысты ұйымдастырушылардың қоғамға қарсы ұстанымы айқын көрінеді және олардың теріс көзқарастары сенім мен дағдыға айналады. Негізінен қылмыстық процестің күрделілігіне байланысты бұл қылмыстың ұйымдастырушыларын анықтау қиын.
Қылмыс субъектілерінің мінез-құлқын айқындайтын олардағы криминогендік ұстаным. Бұл жерде қылмыскерлердің көзқарастары мен адамгершілік ұстанымдары ерекше маңызға ие. Қылмыстарды жасаушылардың ішінде, мысалға, орманшылардың, қылмыс заттары қолдарында болған соң психологиялық тұрғыдан жеңілдік сезінетінін айта кету керек. Кей жағдайда мұндай оқиғаларға олардың жасаған әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін ұғынбауға ұрындыратын құқықтық білімдерінің тайыздығы да себеп болады.
Сонымен қатар қоғамда қылмыстың орын алуына құқықтық нигилизмнің болуында айта кету керек. Себебі адамдар құқықтың құндылығын жоққа шығарып, мойындамай құқықбұзушылықтарға орын береді.
Қылмыстардың көп бөлігін ер адамдардың жасайтыны түсінікті, өйткені, ер кісілердің қылмыстарды жасау барысында ықпал ететін психологиялық қасиеті, яғни отбасы алдындағы материалдық жауапкершілік, өздерінің күшінің басымдығын сезіну және т.б.
Қылмыстылықтың қай түрі болмасын, оның алдын - алу, оны жасайтын қылмыскер тұлғасының ерекшеліктеріне тікелей байланысты екенін ұмытпауымыз керек.
Сонымен айтылғанды қорытындылай келе қылмыстылықпен күресу үшін бірінші кезекте халықтың құқықтық сауаттылығын арттырған жөн. Ол үшін келесідей шараларды жүзеге асыру керек:
- Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде заңдарды түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалған топтарына тегін құқықтық көмек беру;
- Мемлекеттік органдар тарапынан ашық есік күндерін ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қайыржанов Е.И. Криминология: общая часть. - Алматы, 2000. - 75 с.
2. Криминология / под ред. Б.В. Коробейникова, Н.Ф. Кузнецовой, Г.М. Миньковского. - М., 1988. - 87
с.
3. Наумов А.В. Ресей қылмыстық құқығы (жалпы бөлім). - Астана, 2005. - 276 с.
4. Узнадзе Д.Н. Основные положения теории установки. - М., 1961. - 41 с.
5. Кудрявцев В.И. Причинность в криминологии. - М., 1968. - 33 с.
6. Шавгулидзе Т.Г. Психологическая структура поведения и уголовная ответственность. - М., 1970. - 50
с.
7. Сахаров А.Б. О личности преступника и причинах преступности в СССР. - М., 1961. - 67 с.
судья в отставке Акмолинского областного суда
Аннотация. Способы защиты трудовых прав работников являются одновременно гарантиями законности в сфере труда и трудового правопорядка. Работодатель, его представители не имеют права препятствовать работникам в осуществлении всех форм самозащиты своих трудовых прав. А преследование работников за использование ими допустимых законодательством способов самозащиты своих трудовых прав и гарантий не допускается. За нарушения, посягающие на защиту трудовых прав и гарантий работников, работодатель и должностные лица несут ответственность как за нарушение трудового законодательства, установленную Трудовым кодексом республики Казахстан. Три обстоятельства, характеризуют правовое понятие защиты прав человека: осуществление защиты полномочным субъектом; осуществление этим субъектом деятельности с соблюдением норм законодательства; обеспечение восстановления нарушенного права. Защита нарушенного права может быть признана только после устранения нарушения и восстановления нарушенного права.
Ключевые слова: способы защиты индивидуальных трудовых прав в Республике Казахстана и Российской Федерации (сравнительный аспект).
Защита прав человека, в том числе в сфере трудовых отношений является важнейшей задачей демократического общества. Наиболее сильно в защите нуждается работник, как более слабая сторона трудовых отношений.
Нельзя не учитывать, что трудовое право исторически формировалось как право защиты более слабой стороны трудового договора - работника. Истинного равенства сторон трудовых отношений быть не может, наемный работник всегда зависим от работодателя (нанимателя), поэтому зачастую работодатель диктует свои условия договора, а у работника остается небольшой выбор, а именно: либо на них согласиться, либо искать другого нанимателя.
Предприниматели, не ощущая за собой «ока государева», успешно достигают единственной поставленной перед собой цели - извлечения прибыли, естественно, за счет
неограниченной эксплуатации работников. Обыденной практикой стали грубые нарушения трудового законодательства: часто задерживается и не выплачивается заработная плата, не соблюдаются правила охраны и безопасности труда (катастрофически растет производственный травматизм), незаконно увольняются работники и т.п.
Еще одной проблемой, связанной с защитой трудовых прав, является недостаточное использование судебными органами международно-правовых норм. Несмотря на значительный объем казахстанского законодательства и зачастую объективную невозможность судей применить конкретные международные акты.
Снижение роста числа трудовых споров в Республике Казахстан последние годы связаны с объективными причинами: боязнь людей потерять рабочее место; психологией работников, ориентированная на страхе не отстоять свои нарушенные права.
Защита индивидуальных трудовых прав работников включает в себя: а) профилактику трудовых правонарушений; б) рассмотрение трудового правонарушения при разрешении трудовых споров; в) восстановление нарушенных трудовых прав; г) привлечение к ответственности за проступки и правонарушения.
Профилактика правонарушений имеет место уже на стадии создания новых нормативных актов и актов работодателя, а также при надлежащем исполнении действующих норм трудового законодательства. Защита трудовых прав работников - это одновременно и защита правопорядка в труде и восстановление нарушенной законности.
Правопорядок в сфере труда - это система общественных отношений в труде, которая устанавливается по точному и полному осуществлению норм трудового законодательства всеми субъектами трудового права.
При консультировании работника, у которого нарушены индивидуальные трудовые права, юридическим консультантом, адвокатом, должны быть разъяснены способы защиты индивидуальных трудовых прав.
Способы защиты трудовых прав работников являются одновременно гарантиями законности в сфере труда и трудового правопорядка. Одним таких способов является самозащита. А преследование работников за использование ими допустимых законодательством способов самозащиты своих трудовых прав и гарантий не допускается работодатель и должностные лица несут ответственность как за нарушение трудового законодательства, установленную Трудовым кодексом Республики Казахстан (далее ТК РК) [1], аналогично в Трудовом кодексе Российской Федерации (далее ТК РФ) [2].
Защита нарушенного права может быть признана только после устранения нарушения и восстановления нарушенного права.
Защита индивидуальных трудовых прав работника осуществляется способами через формы защиты трудовых прав.
Самозащита как первый способ защиты индивидуальных трудовых прав работников имеет некоторые особенности:
1) Нарушенное субъективное трудовое право работника в рамках самозащиты, как правило, не восстанавливается. Действия работника, осуществляющего самозащиту, направлены на пресечение нарушения либо устранение препятствий для осуществления субъективного трудового права и стимулируют работодателя к надлежащему поведению.
2) Самозащита нарушенного права не предполагает возложение на работодателя (уполномоченное должностное лицо) дополнительных ограничений личного или имущественного характера (например, применение в отношении него штрафных санкций).
ТК РФ предусматривает лишь одну меру самозащиты работником своих трудовых прав - отказ от выполнения работы, то в
В ТК РК не указаны меры самозащиты работником, мы можем только предполагать.
В науке трудового права до настоящего времени не сложилась единого подхода и классификации способов и форм защиты индивидуальных трудовых прав работников.
Так, например, российский ученый И.А.Костян предлагает две классификации форм защиты индивидуальных трудовых прав: во-первых, это судебная, внесудебная и досудебная
формы защиты; во-вторых, это процессуальные формы, которые предусматривают возможность стадийного осуществления защиты права, то есть переход от одной стадии процесса к другой, и непроцессуальные (или процедурные), которые такой возможности не предусматривают [3, с.79].
Полагаем, что данная классификация форм защиты индивидуальных прав более актуальна.
По мнению одних ученых-трудовиков, формы защиты трудовых прав работников следует разделять на юрисдикционную и неюрисдикционную в зависимости от того, каким органом (государственным или общественным) осуществляется защита, либо она организуется самостоятельно работниками и работодателем или их представителями [4, с.329, 334]
Как отмечает Князева Н.А. внутри юрисдикционной и неюрисдикционной форм, следует разделить формы защиты в зависимости от субъекта, осуществляющего защиту, характера полномочий. Бесспорным представляется отнесение судебной и административных форм защиты к числу юрисдикционных, а самозащиты и переговоров-неюрисдикционных [5, с.33].
Полагаю, что следует согласиться с учеными, предлагающими разделять формы защиты индивидуальных трудовых прав работников на юрисдикционные [6, с.82-83] и неюрисдикционные [7, с.28].
В действующем ТК РК не дано понятие способы (формы) защиты прав работника.
ТК РФ включает специальную главу 58 «Защита трудовых прав работников профессиональными союзами».
Так, в статье 352 ТК РФ основными способами защиты трудовых прав и свобод являются:
· самозащита работниками трудовых прав;
· защита трудовых прав и законных интересов работников профессиональными союзами;
· федеральный государственный контроль (надзор) за соблюдением трудового законодательства и иных нормативных правовых актов, содержащих нормы трудового права;судебная защита.
В ТК РК как уже было ранее сказано, не указаны способы защиты индивидуальных трудовых прав работников, но условно разделить следующее: самозащиту, медиацию, рассмотрение индивидуальных трудовых споров, согласительную комиссию, государственный контроль за соблюдением трудового законодательства (государственная инспекция труда); судебная защита.
В ТК РК нет нормы предусматривающей защиты прав работников профессиональными союзами, имеется отсылочная норма.
Кроме того, полагаем, нельзя рассматривать профсоюзы как одну из форм защиты индивидуальных трудовых прав, поскольку в настоящее время изменился формат полномочий профсоюзов, и нет единого подхода отнесения защиты индивидуальных трудовых прав профсоюзами к юрисдикционной или неюрисдикционной форме.
Анализ действующего трудового законодательства Казахстана позволяет нам обосновать следующие способы защиты индивидуальных трудовых прав: самозащиту, посредничество (медиация), рассмотрение индивидуальных трудовых споров в комиссии по трудовым спорам, рассмотрение индивидуальных трудовых споров в согласительных комиссиях. Государственный контроль за соблюдением трудового законодательства (государственная инспекция труда);судебная защита.
Если в ТК РК, где как было изложено ранее, формы и способы защиты индивидуальных трудовых прав отсутствуют.
Ученые по-разному формулируют не только определение способа защиты, но и перечень способов, поскольку его невозможно представить в исчерпывающем виде, так как статья 21 ТК РК предоставляет работнику право на защиту своих трудовых прав, свобод и законных интересов всеми не запрещенными законом способами. В этой связи возникает ряд сложностей в правоприменении. В частности, невозможно предусмотреть (выявить) все способы защиты.
Между тем если они связаны с неблагоприятными последствиями для одной из сторон трудового разногласия, то нуждаются в том или ином ограничении.
В связи с чем, полагаем, необходимы разграничения формы и способов защиты индивидуальных трудовых прав в законодательном порядке.
Список использованной литературы:
1. Трудовой кодекс Республики Казахстан: кодекс Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года № 414-V // Электронный ресурс: https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000414 (по состоянию на 16.06.2025 г.).
2. Трудовой кодекс Российской Федерации: федеральный закон от 30 декабря 2001 года № 197-ФЗ // Электронный ресурс: https://ppt.ru/kodeks/tk (по состоянию на 07.04.2025 г.).
3. Костян И.А. Способы и формы защиты трудовых прав // Гарантии реализации прав граждан в сфере труда и социального обеспечения. Практика применения трудового законодательства и законодательства о социальном обеспечении: материалы Междунар. науч.-практ. конф. / под ред. К.Н. Гусова. - М.: Велби; Проспект, 2006. - С. 79.
4. Лушникова М.В., Лушников А.М. Курс трудового права: учебник: в 2 т. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Статут, 2009. - Т. 1: Сущность трудового права и история его развития. Трудовые права в системе прав человека. Общая часть. - С. 329, 334.
5. Князева Н.А. Правовые средства и формы защиты трудовых прав работников: дис. … канд. юрид. наук. - М., 2003. - 189 с. - С. 33.
6. Барышникова Т.Ю. Формы и способы защиты трудовых прав и охраняемых законом интересов в российском трудовом праве: дис. … канд. юрид. наук. - М., 2005. - 210 с. - С. 82-83.
7. Яковлева А.В. Способы защиты трудовых прав работников: концептуальный аспект: дис. … канд. юрид. наук. - М., 2010. - 185 с. - С. 28.
Докторант, М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университетінің Жеке құқық департаментінің сеньор-лекторы
Аңдатпа. Адам өмірі мен денсаулығы - әркімнің мемлекетпен танылған ең жоғары құндылығы.Өмір сүру құқығы - әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкімнің де өмірі еріксіз қиылуға тиіс емес [1]. Денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәндік, рухани (психикалық) және әлеуметтік саламаттылық жай-күйі [2]. Бұл ең маңызды объектілерге қатысты зерттеулер де аз емес. Дегенмен де келтірілген зиянды өтеу мәселесінің көп қырлылығы бұл сұрақтың астарында бүгінгі күнге дейін шешілмеген түйіндер де, сот тәжірибесі мен заңнамадағы олқылықтар да жеткілікті екендігін аңғартады. Осы аса маңызды материалдық емес игіліктер бұзылған жағдайда, азаматтық- құқықтық жауапкершілік шеңберіндегі келтірілген зиянды өтеу қажеттілігі туындайды.
Кілт сөздер: зиян, өмір, денсаулық, жәбірленуші, материалдық зиян, моральдық зиян.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы 1-тармағында көзделген адамның өмірі мемлекетіміздің ең басты қымбат қазынасы. Және сол қалыпты деңгейдегі өмір мен денсаулықты қамтамасыз етудегі мәселелер жан-жақты құқық салаларымен қорғалып реттелгеніне қарамастан, тәжірибеде нақты зиянның орнын толтыру кезінде сұрақтар туындап жатады. Соларға тоқталатын болсақ, ең бірінші зиянның мөлшерін дәлелдеу, бұл жерде жәбірленуші тарап барлық медициналық қорытындылар мен емделуге кеткен шығындардың түбіртектерін, сараптама қорытындыларын жинақтау қажет, бұл жердегі мәселе денсаулығына зиян келіп, күйзелісте жүрген тұлғаның құжаттарды жинақтаумен айналысуы қаншалықты
дұрыс және сараптама қорытындысының объективтілігіне кепілдік бар ма? Екіншіден, тұлға қайтыс болған жағдайдағы материалдық және моральдық зиянды өндіретін тұлғалардың тізімі, яғни сол қайтыс болған тұлғаның асырауында болғандығын тікелей дәлелдеу күрделілігі. Үшіншіден материалдық зиянның орнын толтыру кезіндегі сақтандыру компанияларының зиянның орнын толтырудан бас тартуға барынша тырысу жағдайлары. Төртіншіден, зиянның мөлшерін есептеу әрдайым объективті емес болуы мүмкін, мысалы, моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде әр судья әр түрлі бағалайды. Қазіргі кездегі сот тәжірибесінен байқағанымыздай моральдық зиянның мөлшері жәбірленуші сұрағаннан едәуір дәрежеде төмендетіліп, өндіріледі, бұл жәбірленуші тараптың сот әділдігіне деген сеніміне күмән туғызуы мүмкін.
Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру екі нысанда, қайтыс болса, өміріне зиян келтірілгені, егер қандай да бір жарақат немесе зақым келтірілсе, бұл денсаулыққа зиян келтірілгені.
Деликтілік жауапкершіліктің негізі ретіндегі зиян деп азаматтық құқық субъектісі үшін оған тиесілі мүлікті зақымдау немесе жою, сонымен қатар азаматтың қайтыс болуы немесе мертігуі нәтижесінде келтірілген мүліктік және мүліктік емес жағымсыз салдар түсініледі [3, 625 б.].
Зиян моральдық және мүліктік деп бөлінеді. Мүліктік зиян - жәбірленушінің оған тиесілі құқықтары мен игіліктерінің бұзылуы нәтижесінде оның мүлкінің азаюы арқылы көрініс табатын жағымсыз салдар [4, 984 б.].
Моральдық зиян - жеке тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуi немесе олардан айырылуы, оның iшінде өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбірленушінің, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда - жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) [5].
Жәбірленушінің жеке басымен байланысты денсаулыққа келтірілген зиян аймақтарын бөліп көрсетуге болады:
1. Мүгедектік- тұлға тұрақты табыс алу мүмкіндігінен айырылады (еңбек шарты, азаматтық-құқықтық шарт, кәсіпкерлік, өзге де экономикалық қызмет немесе т.б.);
2. Жан азабын келтіру - негізгі залалдан басқа құқық қолдану қызметінде көп жағдайларда денсаулыққа зиян келтірумен қатарлас жатқан жан азабы;
3. Кредитордың еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірумен байланысты оның шеккен қосымша шығындары.